Қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (5-0, 3 КО) кәсіпқой рингте алтыншы кездесуін өткізіп, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Станислав Калицкий Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокс кешінде филиппиндік Джестони Аутиданы (11-10, 5 КО) төрешілер шешімімен жеңді. Кездесу барлық алты раундқа созылды.