«Сарыарка» хоккей клубы жаңа жылды жеңіспен бастады. Қарағандылықтар өз мұз айдынында мәскеу облысының «Титан» командасын ұтты.

Есепті төртінші минутта «кенші» Сабахудин Ковачевич ашты. Алайда, ресейліктер есепті теңестіріп, артынша есепте алға шықты. Дегенмен, қарағандылықтар екінші кезеңде Дмитрий Громов пен Анатолий Васильевтің соққан шайбалары нәтижесінде есепті өз пайдасына өзгертті – 3:2.

Үшінші периодта қарағандылықтар тағы үш шайба соқса, қонақтар бір гол қайтарып, жалпы есепті қорытындылады.

«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Титан» (Клин) 6:3 (1:1, 2:1, 3:1)

1:0 – Ковачевич (Махо) – 03:50

1:1 – Кудреман (Полторак) – 11:28

1:2 – Богатин (Цыганов, Гловацкий) – 25:48

2:2 – Громов (Ал. Васильев) – 32:36

3:2 – Ан. Васильев – 35:38

4:2 – Ломако (Гомер, Голубцов) – 48:23

5:2 – Гашпарович (Яброцки) – 48:39

6:2 – Макаров (Лебедев, Кузьмин) – 56:47

6:3 – Кудреман – 58:15

ҚақпашыларГорячевских – Денисов (Бояршинов, 48:39 – 60:00)