Қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ермек Қуантаев алматылық «Қайратпен» ресми түрде келісімшартқа отырды.

Алматылық команданың ресми сайты хабарлауынша, келісімшарт үш жылға жасалды. Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында «Қайрат» командасына «Шахтердің» экс-ойыншысы Аслан Дарабаев ауысқан болатын.