«Барыс» хоккей клубының бапкерлер алқасы команданың кезекті сырт алаңдағы ойындар сериясына аттанатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда ҚХЛ аясында сырт алаңда үш матч өткізеді:

14 қазан (Жексенбі), Балашиха. «Авангард» – «Барыс», 20:30.16 қазан (сейсенбі), Екатеринбург. «Автомобилист» – «Барыс», 20:00.18 қазан (бейсенбі), Челябинск. «Трактор» – «Барыс», 20:00.

Матчтардың басталуы Астана уақытымен көрсетілген. Барлық ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Доминик Граховина, Хенрик Карлссон, Кирилл Стрия.Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Кевин Даллмэн, Самат Данияр, Даррен Диц, Константин Климонтов, Александр Липин, Алексей Маклюков, Кирилл Полохов, Максим Семёнов.Шабуылшылар: Павел Акользин, Алихан Асетов, Брендон Боченски, Дастин Бойд, Кёртис Волк, Дмитрий Гренц, Дмитрий Гурков, Ярослав Евдокимов, Патрис Кормье, Никита Михайлис, Андрэ Петерссон, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Фрэттин Мэттью, Дмитрий Шевченко.