Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы Усейн Болт кәсіпқой футболдағы алғашқы голын соқты.

Аустралиялық «Сентрал Кост Маринерс» сапында ойнайтын 32 жастағы Болт «Макартур Саут Вест Юнайтедке» қарсы жолдастық матчта негізгі құрамда шықты. Бұрынғы желаяқ бұл ойында дубль авторы атанды, ал оның командасы 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, аустралиялық клубқа Болт биыл жазда қосылған болатын. Алайда ресми матчтарда әлі дебютін өткізген жоқ.