«Астананың» баспасөз-қызметі америкалық баскетболшы Майкл Дженкинспен келісімшартқа отырғандарын хабарлады.

«Ол өз ойынымызды жетілдіруге көмектесетініне сенімдімін. Сонымен қатар, ол – мықты снайпер. Майкл – дәл қазір бізге қажет ойыншы», - деді «Астананың» бас бапкері Эмиль Райкович.

Айта кетейік, 32 жастағы ойыншы мансабын 2008 жылы бастаған. Содан бері америкалық баскетболшы 13 клубта ойнап шықты.