Бүгін Коста-Меса қаласында қазақстандық Әли Ахмедов мексикалық Джовани Хавьер Гоместі жеңді.

Жекпе-жек бірінші раунда-ақ аяқталды. Ахмедов осы кездесуден соң NABF Junior чемпиондық белбеуін иеленді.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі 13 жекпе-жегінің бәрін де жеңіспен тәмамдап отыр. Оның 10 мерзімінен бұрын аяқталды.

Айта кетейік, Әли Ахмедов Геннадий Головкинмен бірге Абель Санчестің қол астында жаттығу жасайды.

Назарларыңызға жекпе-жектің видеосын ұсынамыз.