«Барыс» хоккей клубы сырт алаңда мәскеулік «Динамодан» овертаймда жеңіліс тапты.

Бірінші периодта гол соғылмаса, екінші кезеңнің алтыншы минутында «Динамо» хоккейшісі Максим Пестушко ойындағы алғашқы шайбаны соқты. Артынша, астаналық Дастин Бойд есепті теңестірсе, бір минуттан кейін Талған Жайлауов елордалық клубты алға шығарды – 1:2. Дегенмен, кездесу аяқталуына төрт минут қалғанда, мәскеулік Дмитрийй Пестунов таразы басың теңестірді. Овертаймда тұған күнің тойлаған «Динамо» шабуылшысы Марек Квапил жеңісті шайбаның авторы атанды. Қорытынды есеп – 3:2.

«Динамо» (Мәскеу) – «Барыс» (Астана) 3:2 ОТ (0:0, 1:2, 1:0, 1:0)

1:0 – Пестушко – 26:38

1:1 – Бойд (Боченски) – 30:34

1:2 – Жайлауов (Ландин) – 31:29

2:2 – Пестунов (Квапил) – 56:05

3:2 – Квапил (Граняк, Кокарев) – 64:34

ҚақпашыларШарыченков – Еремеев