«Реал» клубы Роналдуды «қыз зорлады» деп айыптаған Correio da Manhã португал газетін сотқа берді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Газетте футболшы 2009 жылы қыз зорлап, оған тағылған айыптаулардан бас тартуы үшін «Реал» футбол клубы жәбірленушіге 375 мың доллар төлеп беріп құтылды делінген.

Бұл ақпараттың өтірік екенін, клуб ешкімге ақша бермегенін алға тартқан корольдік клуб португал газетін сотқа берді.