Ұлттар Лигасы аясындағы Латвия -Қазақстан матчына аустриялық төрешілер қызмет жасайды, деп хабарлайды Prosports.kz

Бас төреші болып Харальд Лехнер тағайындалды. Оған Андреас Хайндрайх пен Максимилиан Кольбич көмектеседі. Қосымша арбитр болып Андреас Штаудингер тағайындалған.

Екі құрама арасындағы ойын 13 қазан күні Ригада өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.