Қазақстандық Иван Дычко америкалық боксшы Деонтей Уайлдердің спарринг-әріптесі болады.

Иван америкалық боксшының британиялық Тайсон Фьюриге қарсы жекпе-жегіне дайындалуға көмектеседі.

Дычко дене бітімі жағынан Фьюриге ұқсас, екеуінің стилі де бірдей.

Естеріңізге салсақ, Уайлдер мен Фьюри арасындағы жекпе-жек 1 желтоқсанда Лос-Анджелесте өтеді.