Бұрын «Мидлсброда» өнер көрсеткен Бельгия құрамасының экс-шабуылшысы Фарис Харун карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін.

Azerisport.com сайтының мәлімдеуінше, Харунның келесімшарты аяқталды. Бұл ойыншыға бельгиялық «Зюлте-Варегем», норвегиялық «Русенборг» клубы қызығып отыр. Сондай-ақ Қазақстан мен Әзірбайжанның бірнеше клубы ойыншымен келіссөз жүргізуде.