19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Израильмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Петр Пак баптайтын Қазақстан құрамасы израильдік футболшы қыздардан 4:1 есебімен ұтылды. Қазақстандық ойыншылардан барлық өткен матч бойынша алғаш болып Арайлым Орынбасарова гол соқты.

Өткен үш матч бойынша Қазақстан қыздар құрамасының еншісінде ұпай жиналмады, Швеция, Словения және Израильмен өткен кездесулерде кейін 1:24 есебімен іріктеу кезеңінің соңғы орында тұр.