«Наполидің» бас бапкері Карло Анчелотти өзінің инстаграмындағы парақшасында лондондық «Челсидің» бұрынғы ойыншысы Джон Терриге ашық хат жазды, деп хабарлайды Prosports.kz

«Құрамамда сен сияқты капитанымның болғаны – мен үшін үлкен мәртебе еді. Сенің барлық бастамаларыңа тек сәттілік тілеймін!» - деп ағынан жарылды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана үлкен футболмен қош айтысқан Терри өз кезінде италиялық бапкер Анчелоттидің қол астында жаттыққан болатын.