UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов 250 000 доллар көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Prosports.kz

Mmajunkie.com порталының хабарлауынша, UFC басшысы спортшыны чемпиондық белбеуінен айырмады. Алайда, ресейлік файтер жекпе-жектен 6 айға шеттетілді.

Еске салайық, 6-қазан күні Лас-Вегаста өткен UFC 229 турирінде Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегорды тұншықтырып жеңген. Артынша ол октагоннан шығып, Конордың спаррингтегі жолдасына қол көтерді.