Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасында өткен жекпе-жек сегізбұрыш сыртындағы қызықтарымен де есте қалды, - деп жазады prosports.kz.

Естеріңізде болса, қылқындыру әдісімен жеңіске жеткен Хабиб жекпе-жек аяқтала сала октагонның торынан қарғып түсіп, Макгрегордың спарринг серіктесі Диллон Дэниспен төбелесекен болатын, содан кейін торға Хабиб командасының өкілдері кіріп, ирландиялыққа жұдырық ала жүгіген.

Хабиб сегізбұрыш сыртында майдан құрып жатқанда, Конор ресейліктің командаластарымен жаға жыртысып жатқан. Осының алдында жарияланған бір ведео жазбадан Макгрегордың Нурмагомедов командасының мүшесі Зубайра Тухуговты нокаутқа түсіре жаздағанын көрген едік.

Алайда, бүгін пайда болған тағы бір бейне мартериалда біз көрген алғашқы видеодағы көріністің алдамшы көрініс екені байқалады. Анығында бұл жерде соққы алған Тухугов емес, қайта Конордың өзі болса керек.