Жеңіл салмақ бойынша UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі, әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нұрмағамедов ұлын ирландиялық Конор Макгрегормен күрестен кейінгі әрекеті үшін қатаң жазалайтынын айтты.

«Мен тіпті, Макгрегордың жанында жұдырықтарын түйіп жүрген Әбдубәкарды, Резванды, Эседулла Эмирагаевты және сол жерде төбелескен Тұхуговты айыптамаймын, өйткені бүкіл төбелес сегіз бұрыштың ішінде өтті. Бірақ, октагонның сыртында төбелес ұйымдастыру дегенге қарсымын», – деді Абдулманап Нурмагомедов команданың басшысы ретінде жауаптылықты өз мойнына аламын деп.