Франциялық France Football басылымы 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын допқа» үміткер 30 кандидаттың есімдерін атауды бастады.

Әзірше үміткерлер тізіміне енген алғашқы бес футболшы жарияланды.

Алғашқы кандидаттар ішінде «Ливерпуль» мен Бразилия құрамасының қақпашысы Алиссон, сондай-ақ, төрт шабуылшы бар. Олар «Реал» сапында ойнайтын Гарет Бэйл мен Карим Бензема. Сондай-ақ, жүлдеге Серхио Агуэро («Манчестер Сити») мен Эдинсон Кавани («ПСЖ») үміткерлер қатарында.

Ал жеңімпаз 3 желтоқсанда анықталады. 30 номинанттың бәрі де бүгін кешке дейін белгілі болады.