Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында (ҚКФЛ) қыркүйек айының қорытындысы бойынша Екінші лиганың ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысы анықталды, деп жазады prosports.kz.
Сауалнама Екінші-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
Сауалнама нәтижелері келесідей:
23 ұпай жинаған «Астана Ж» ойыншысы Рамазан Каримов Екінші-лиганың қыркүйек айындағы үздік ойыншысы атанды.
Қыркүйек айының үздік бас бапкері атағын «Астана Ж» жаттықтырушысы Василий Маруняк иеленді. Оның үміткерлігін дауыс берушілердің арасында алты бапкер қолдады.