Хабиб Нурмагомедов Конором Макгрегормен болған жекпе-жекте соң жаппай төбелес үшін кешірім сұрып, өз әрекетін түсіндірді. Бұл туралы Nur.kz жазды.

Атышулы кездесуден кейінгі баспасөз-конференциясында ресейлік спортшы ел алдында мәлімдеме жасады.

«Мен Лас-Вегас пен Невада шататының атлетикалық комиссиясы алдында кешірім сұрағым келеді. Бұл менің ең дұрыс әрекетім болмады. Неге барлығы Конордың жекпе-жекке дейін айтқаны мен жасағынын емес, дәл осыны айтып жатыр», - деген спортшы Макгрегордың кейбір әрекеттерін еске салды.

Ол ирландиялық боксшының өзінің дініне, отанына, әкесіне қатысты бірнеше рет мәлімдемелер жасағанын, сонымен қатар оның өзге де әрекеттерін атап өтті.

«Әкем үнемі мені өзгерлерге құрметпен қарауды үйретеді. Менің достарым және командам өзімді қалай ұстайтынымды біледі. Бұл белбеу менімен бірге. Мен әлі де жеңілмейтін чемпионмын», - дейді спортшы

Сонымен қатар Нурмагомедов БАҚ-тың ММА-ны өзгерткенін айтады.

«Менің ойымша БАҚ ММА-ны өзгертті. Бұл негізінде трэш-токқа емес, құрметке құрылған спорт түрі. Мен палуандардың бірін-бірі балағаттап, олардың отбасы, дін, ұлт жайлы жаман сөздер айтқанын қалмаймын. Бұны сіздер айта алмайсыздар, ал мен үшін бұл маңызды. Барлығыңызға рақмет. Бүгінгі әрекетім үшін әкем мені оңдырмайтыны анық, тағы да мені кешіріңіздер», - деп сөзін қорытындылады Хабиб Нурмагомедов.

Спортшы сөз соңында өзін бүгінгі жеңісімен Ресей президенті Владимир Путиннің арнайы хабарласып, жеңісімен құттықтағынын да жеткізді.

Еске сала кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнирінде ирландық Конор МакГрегорды жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Алайда, жекпе-жек арты үлкен жанжалға ұласып, Хабиб белбеусіз қалды. Кейін екі спортшы да алаңнан қуылып, кездесу марапаттаусыз аяқталған болатын.