Ирландтық файтер Конор МакГрегор мен ресейлік жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов UFC 229 турнирінде қанша гонорар алатыны белгілі болды. MMAFighting мәліметтері бойынша, МакГрегор 3 млн доллар, Нурмагомедов 2 млн доллар алады. UFC 229 турниріне қатысушылардың гонорары:Хабиб Нурмагомедов - екі миллион доллар;Конор МакГрегор - үш миллион;Тони Фергюсон - 150 мың доллар;Энтони Петтис - 145 мың;Овинс Сен-Прю - 86 мың;Доминик Рейес - 45 мың;Александр Волков - 75 мың;Деррик Льюис - 135 мың;Мишель Уоттерсон - 50 мың;Фелиз Херриг - 40 мың.

Сонымен қатар, МакГрегор мен Нурмагомедов ақылы теледидар қызметінен түскен қаражаттың белгілі бір пайыздық мөлшерін алады.

Хабиб Нурмагомедов — Конор Макгрегор: Онлайн трансляция