Подольскіде «Витязь» хоккей клубы өз мұз айдынында елордалық «Барысты» қабылдады.

Матчтың бірінші мен екінші кезеңі 0:0 есебімен аяқталды. Қос ұжымда бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. Үшінші периодтың төртінші минутында алаң иелерінің сапында Вячеслав Солодухин есепті ашты. Артынша, кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда «Барыстың» хоккейшісі Найджел Доус өз командасын жеңілістен құтқарып қалды –  1:1.

Ойын матч соңындағы буллит сериясына дейін жалғасты. Мұнда елордалық Роман Старченко мен Зак Хэмиллдің соққан шайбалары «Барысқа» жеңіс сыйлады.

«Витязь» (Подольск) – «Барыс» (Астана) 1:2 Б (0:0, 0:0, 1:1, 0:0, 0:1)

1:0 – Солодухин (Головков, Коусал) – 54:45

1:1 – Доус (Жайлауов, Боченски) – 58:57

1:2 – Хэмилл – 65:00, ЖБ

ҚақпашыларЛисутин – Ахонен