Africa Eco Race 2014 көпкүндігінде қазақстандықтар Қанат Шағыров пен Александр Мороз экипажы үздік үштікке енді.

Аталған ралли-марафонның үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша барлық автокөліктердің арасынан жерлестеріміз өнер көрсетіп жатқан «Mobilex Racing Team» тобы үшінші орынға қол жеткізді.