Қазақстандық ММА файтері Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын атады.

- Конор мен Хабиб жайлы айтатын болсақ... Конор көбінесе «стойкада» істейді. Жеке пікірім: Конор таза ұтады. Кездесу бірінші раундтың аяғында немесе екінші раундта бітеді. Өйткені Хабиб бірден күреспейді, оған алға жүруге тура келеді. Сол кезде «ұсталып» қалуы мүмкін, - деді Арман.