Алматылық «Қайрат» футзал клубының бас бапкері Пауло Рикардо Чемпиондар лигасы аясында өтетін Беларусь елінің «Лида» командасына қарсы матчқа стадионнан жетекшілік жасай алмайды, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бразилиялық маман «Спортингпен» (2:1) өткен ойында алаңнан қуылған болатын. Осыған байланысты турнирдің осы кезеңіндегі соңғы кездесуді көрермендер қатарында тамашалайды.

Еске салайық, «Лида» - «Қайрат» матчы бүгін Астана уақыты сағат 22:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде «Хабар» телеарнасы көрсетеді.