Халықаралық теннис федерациясы жəне Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің шешімімен қазақстандық теннисші Достанбек Ташбулатов төртжылдық бəсекесіне жолдама алды, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Аргентинаға Қазақстан делегациясы 57 спортшымен аттанған болатын. Енді оның қатарына Дастанбек қосылып, біздің атлеттер саны тағы біреуге артты.

Айта кетелік, Ташбулатов 2017 жылы Плантейшн қаласында (АҚШ, Флорида штаты) өткен бейресми əлем чемпионатында екінші орын иеленді.

Осы жетістігінің арқасында Дастанбек ITF Juniors рейтингінде ТОП-40 қатарына енген. Қазіргі таңда ол үздік елулік сапында.