Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Алматыда өткен баспасөз мәслиxатында «GGG Promotions» компаниясының боксшыларына қойылатын талаптарды айтты.

«Кәсіпқой бокс - денсаулық үшін өте қауіпті. Бір-екі жыл спортпен айналысып жүрген боксшыларды промоушеніме алмаймын. Себебі мен промоушендегі әр спортшының денсаулығына жауаптымын. Дарынды жас боксшыларды тауып, дамыта аламыз деп ойлаймын. Ісімізді бастап қойдық. Жігіттер чемпион болу үшін еңбекқор болу қажет екенін жақсы түсінедім»,- деді Геннадий.