«МЮ»-дің экс-шабуылшысы Уэльстік клубтың тізгінін ұстады.

Оле-Гуннар Солскьяер «Кардифтің» жаңа бас бапкері болып тағайындалды. Оның алдында маман норвегиялық «Мельдені» жаттықтырды. Онымен екі дүркін ел чемпионы және Норвегия кубогының жеңімпазы атанды.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада «Кардифтің» бұрынғы бапкері Малки Маккэй өз орнын босатқан болатын.