«Барыс» хоккей клубының сұрмергені Брэндон Боченски құрлықтық хоккей лигасында аптаның үздік шабуылшысы атанды.

Екі кездесуде Боченски 9 ұпайды иеленсе, жалпы есепте америкалық легионердің еншісінде - 200 ұпай.

Ал «Автомобилист» ойыншысы Якуб Коварж үздік қақпашы номинациясын иеленді. Сондай-ақ «Динамоның» қорғаушысы Доминик Гранякта үздіктер қатарында.

Қазіргі таңда елордалық клуб 79 ұпаймен Шығыс конференциясының турнир кестесінде екінші орында келеді. Топ басында 83 ұпаймен «Ақ Барс» тұр.