Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңі аясында португалиялық «Спортинг» беларустік «Лида» командасымен кездесті, деп жазады prosports.kz.

Матч 3:2 есебімен португалиялық команданың пайдасына шешілді. Ойын есебін Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Лео ашты.

«Спортинг» - «Лида» - 3:2

Гол соққандар: Лео 1, Кавинато 8, Диегиньо 10 – Жигалко 31, Воронин 39

Айта кетейік, бұл екі клуб алматылық «Қайратпен» бір топта орналасқан. Пауло Рикардо Кака шәкірттері «Феникс» (Косово) командасымен кездеседі.