«Ренн» клубының бас бапкері Еуропа лигасының екінші туры аясындағы «Астана»-«Ренн» матчы алдында журналистердің сұхбатына жауап беріп, ойын туралы пікірін білдірді:

— Қазақстанға қалай жеттіңіздер?

— Өте жақсы. Біз бейтаныс мемлекетке келгенімізге, бейтаныс командаға қарсы ойнайтынымызға қуаныштымыз. Сапарымыз ұзақ болғанымен, Қазақстанға жақсы жетіп келдік. Сағат айырмашылығы біздің дайындығымызға және ертеңгі ойынымызға әсер етпейді деп ойлаймын.

— Командадағы футболшылардың денсаулығы қалай?

— Барлық футболшыларымыз қатарда, жарақат алған ешкім жоқ. Барлығы ертеңгі ойынға тас-түйін дайын.

— Хатем Бен Арфа туралы не айтасыз?

— Ол Қазақстанға келген жоқ. Өйткені оған демалыс бергенді жөн санадық. Оның үстіне бұл матчтан кейін бізді Франция чемпионатында «Монакоға» қарсы маңызды кездесу күтіп тұр.

— «Астана» туралы не білесіз?

— Өте жақсы жасақталған команда және өз елінің ең үздік командасы деп білемін. Сондықтан, біз ойынды өз бақылауымызда ұстауымыз керек. «Астана» Украинада «Динамоға» қарсы өткен кездесуде ойын соңына дейін жауапты ойнау қажеттігін көрсетті.

— «Астанаға» қарасы қалай ойнауды жоспаралап жатырсыз?

— Біз көбіріек гол соғуды көздейміз. Дегенмен, жинақы әрі үйлесімді ойын көрсетуге тырысамыз.