34 жастағы АҚШ тұрғыны Кэтрин Майорга «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду зорлады деген айып тағып Невада сотына шағымданғанын жазған болатынбыз.

Желіге таралып кеткен видеодан футболшы мен бойжеткеннің билеп жүргенін байқауға болады.

Бұдан бұрын да футболшыға 2009 жылы қыз зорлады деген айып тағылып, айыптауларынан бас тартуы үшін жәбірленушіге 375 мың доллар төлеп беріп құтылды делінген мәлімет жарияланған болатын.

Бұл жағдайға Роналду өзінің жауабын инстаграм парақшасындағы тікелей трансляцияда берді, деп хабарлайды R1+ твиттер акканты.

«Бұл өтірік. Ол қыз маған жала жауып, танымал болғысы келеді. Мұндай жағдайлар — менің өмірімнің бір бөлігі», — дейді футболшы.