Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Швейцарияның Ленцерзайде қаласында өтіп жатқан «Тур де Ски» жарысының жеңімпазы атанды. 

Полтаранин 15 шақырым спринтте 34 минут 28 секунд уақыт көрсетіп мәре сызығына бірінші болып келді. Неміс Ханнес Доцлер 0,6 секундқа қалып екінші орын алды. Ал, қола жүлде ресейлік Станислав Волженцевке бұйырды. Ол жеңімпазға бір секунд ұтылып қалды.