Итальяндық «Удинезе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Александр Меркель мансабын Англияда жалғастырады, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.21-жасар алматының тумасы «Чемпионшиптің» (Ағылшын екінші лигасы) «Уотфорд» командасына ауысты.«Уотфордқа» қосылғаныма қуаныштымын», - деп жазды Меркель «твиттердегі» ресми парақшасында.Естеріңізге сала кетсек, Меркель 2013-ші жылы «Дженоадан» «Удинезеге» ауысқан болатын. Оның алдында неміс азаматтығы бар футболшы «Миланда» ойнаған еді. Биылғы маусымда Меркель Италия чемпионатында бес кездесуге қатысты.