Қарағандылық «Шахтер» футбол мектебінің түлегі Михаил Гордейчук, белорусьтік БАТЭ-ге ауысты, деп хабарлайды  борисовтік клубтың ресми сайты.

Гордейчук биылғы маусымды «Белшины» сапында өткізіп, тоғыз гол соқты. Жалпы Беларусь чемпионатында Гордейчук 105 кездесуге қатысып, 16 гол және 13 нәтижелі пастың авторы атанды.