UFC файтері Конор Макгрегор Нэйт Диаспен үшінші кездесу өткізуге уәде берді, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 порталына сілтеме жасап.

Қарсыластар екі рет кездесіп бір-бірден жеңіске қол жеткізді, соңғы шайқаста МакГрегор жеңіске ие болды.

«Нэйт Диаспен кез келген жағдайда реванш өтеді. Бұл жекпе-жекті не жағдай болса да өткіземіз. Мен мұның қалай жүзеге асырылатындығын білмеймін, бірақ біз трилогияны жасаймыз», - дейді МакГрегор MacLife порталына берген сұқбатында.