Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдық «Ақжайық» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан оралды.

Тәжірибелі қазақстандық бапкер Бауыржан Баймұхамедов жаттықтыратын «Ақжайық» құрамында - барлығы да жергілікті футболшылар. Оралдан 12 желтоқсан күні аттанып, 28 желтоқсан күні оралған олар Түркиядағы жаттығудың босқа кетпегенін айтады. «Күніне екі рет жаттықтық. Бірнеше командамен жасыл алаңға шықтық. Түркияның бір командасын 4:2 есебімен ұтсақ, «Аланияспорға» 1:2 есебімен есе жібердік. Ал 2013 жылы премьер-лигаға жолдама алған Қызылорданың «Қайсарымен» 0:0 есебімен тең ойнадық. Жаттығу жиыны қаңтар айында жалғасады. Командаға жаңа ойыншылардың алыну-алынбауы да, әрине, қаржыға байланысты», - деді команда ойыншысы Азамат Хасанов.