Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңа рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Көш бастап тұрған үздік үштік мынадай: Симона Халеп (Румыния), Каролин Возняцки (Дания), Анжелика Кербер (Германия).

Қазақстандық теннисші қыздар арасынан Юлия Путинцева екі саты төмендеп 47-ші орынға тұрақтады. Ал Зарина Дияс бір саты жоғарылап, 91-ші орынға жайғасты.