Қазақстан әйелдер құрамасы регби-7 спортынан Азия сериясының екінші кезеңінде өз тобында төртінші жеңіске қол жеткізді.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Гонконгты 26:14 есебімен жеңді.

Осылайша, қазақстандық команда финалға шықты. Ақтық сында отандастарымыз жапон регбишілерімен кездеседі.