Черногория құрамасының ойыншысы Митар Новакович қостанайлық «Тобылмен» екі жылдық келісімшарт жасасты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

32 жастағы футболшы мансабын черногориялық «Звездарадта» бастаған болатын. Артынша, «Борча», «Чукаричек», «Железника»  және «Рада» секілді командаларда ойнаған. Сосың сербиялық «ОФК»-ға ауысып, кейін пермьдік «Амкарға» аттанды. Бұнда ойыншы жалпы саны 100-ден астам кездесуге қатысты.