Зиндан Зиданның 1998 жылы әлем чемпионатының финалында киген футболкасы Парижде аукционға қойылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

France Bleu басылымының жазуынша, француз футболшысының Бразилия құрамасына қарсы матчта (3:0) киген жейдесі 13 қазанда сатылатын болады. Ұйымдастырушылар оны 20-дан 40 мың еуро аралығында сатуды жоспарлап отыр.