Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін қазанның 6-сында Квебекте (Канада) өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы боксшының (13-0, 11 КО) қарсыласы Мексикадан Патрисио Морено (20-2, 14 КО). Бұл жекпе-жек WBC International белбеуі үшін өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында өткен соңғы жекпе-жекте Жүкембаев Джонатан Хосе Энисті жеңіп, WBC Continental Americas белдігіне қол жеткізген еді.