Британдық актер Том Харди қазан айында прокатқа шығатын фантастикалық «Веном» фильмінің премьерасында Конор МакГрегордің түсірілімнің басты шабыт көзі екенін айтты.

«Веном — Конор Макгрегор емес. Алайда, кейіпкер Эдди Броктың кейбір қылықтары Конордың мінез-құлқына сүйене отырып алынған. », — дейді Том Харди RTE арнасына берген сұқбатында.

Естеріңізге сала өтейік, жекпе-жек 6 қазан күні Лас-Вегаста UFC 229 аясында өтеді.