Алматылық «Қайрат» футзал клубы ресейлік «Синара» командасына қарсы екінші жолдастық матчын өткізді.

«Қайрат» футзалшылары екінші ойында да басым түсті – 4:3. Қазақстан чемпионы сапында Дәурен Тұрсағұлов, Эдсон (дубль) және Диего гол соқты.

Естеріңізге салсақ, 3 қазанда «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі сапарын бастайды. Алматылық клуб косоволық «Феникс», беларусьтік «Лидсельмаш» және португалиялық «Спортингпен» кездеседі.