Қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Аслан Дарабаев алматылық «Қайрат» командасына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

24-жастағы Қарағанды футбол мектебінің түлегі Аслан «Шахтер», «Атырау» мен «Ақтөбе» секілді командаларда өнер көрсеткен. Жастар құрамасының бұрынғы капитаны, ұлттық құрама сапына жиі шақырту алатын ойыншы.