Төрешілерге видеокөмек жүйесі (VAR) Чемпиондар лигасында келесі маусымнан бастап қолданыла бастайды. Мұндай шешімді Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА атқару комитеті қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

VAR Чемпиондар лигасында 2019/20 жылғы маусымнан және Еуропа лигасында 2020/21 жылғы маусымнан бастап пайдаланылады. Ал Ұлттар лигасында видеоқайталаулар жүйесі 2021 жылы қолданыла бастайды.

Ресейде өткен 2018 жылғы Әлем чемпионаты видеоқайталау жүйесі алғаш рет қолданылды. Бұл төрешілерге даулы сәттердің қайталауларын видеодан көріп, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.