Africa Eco Race ралли жарысына қатысатын қазақстандық Mobilex Racing Team клубы әкімшілік және техникалық байқаудан сәтті өтті.

Халықаралық дүбірлі додада ел намысын Қанат Шағыров/Александр Мороз  жұбы мен Юрий Сазонов/Арслан Сахимов қорғайды.Қос экипаж аталмыш автобәйгенің Т1 нұсқасында өнер көрсетеді. Ертең 31 желтоқсан күні спортшылар Надоре қаласынан сайысты бастайды. Алғашқы кезеңнің қашықтығы 2992 шақырым.