Өскеменде Жоғары хоккей лигасы аясында жергілікті «Қазцинк-Торпедо» мен «Сарыарқа» командалары 2013-ші жылдың соңғы матчын өткізді.

Естеріңізде болcа бірінші айналымда «Сарыарқа» өскемендік команданы 6:0 есебімен ойсыратта ұтқан болатын. Бұл жолы да жеңісті қарағандылық команда тойлады. Матчтың алғашқы кезеңінде қонақтар алаң иелерінің қақпасына үш гол шайба соғып үлгерді. Артынша, «Сарыарқа» сұрмергені Михаил Мако кездесудегі үшінші голын соғып, есепті іріге жекткізді. Дегенмен, өскемендік команданың сапында Александр Волжанкин мен Кирилл Савицкий есепті қысқарта алды. Алайда, ойын соңына дейін есеп өзгермеді. Қорытынды есеп – 4:2. .

«Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) – «Сарыарқа» (Қарағанды) 2:4 (0:3, 0:1, 2:0)

0:1 - Махо (Громов, Ал. Васильев) - 05:340:2 - Ан. Васильев (Махо) - 11:130:3 - Махо - 19:010:4 - Махо - 34:021:4 - Волжанкин (Плющев, Максимкин) - 47:482:4 - Савицкий (Кошелев) - 48:55

Қақпашылар: Полошков (Янков, 20:00 - 60:00) – Ковач