Футзалдан ел чемпионатының қарымта 3-ші тур кездесуінде алматылық «Қайрат» қарағандылық «Тұлпардан» есесін қайтарды.  

Бірінші тайм тең есебімен аяқталды. Бірақ, үзілістен кейін «Қайрат» ойыншылары қарағандылық команданың қақпасына бес гол соғып, ірі есеппен жеңіске жетті.

Осылайша, «Тұлпар» биылғы маусымның ел чемпионатында алғашқы рет жеңілді. Дегенмен, олар «Қайраттан» екі кездесуге көп өткізіп, әлі де турнир кестесінде көш бастап тұр.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты. 3-ші тур.

«Тұлпар»-«Қайрат» 1:6 (1:1)

Голдар: Алешандре 10-автогол — Жоан 11, 22, 33, Фумаса 22, Алешандре 33, Барон 39

Судьи: Қосмұхамбетов (Қостанай), Сәлімов (Астана)

29 желтоқсан 2013 жыл . Қарағанды. «Тұлпар» стадионы. 500 жанкүйер.