Бүгін Қазақстан Премьер лигасының кейінге шегерілген 25-ші тур ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Түс ауа басталған кездесулер аяқталып қойса, елдің батыс аймақтарындағы матчтар әлі жалғасуда.

«Қызылжар» командасы өз алаңында «Шахтерді» қабылдады. Бұл кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

«Қызыл-Жар СК» - «Шахтер» 2:1 (0:0)

Гол соққандар: Сисей (52), Набиев (90) – Наджарян (75).

Ал Талдықорған жеріне қонаққа барған шымкенттік команда бір ұпай олжалап қайтты.

«Жетісу» - «Ордабасы» 1:1 (0:1)

Гол соққандар: Хромцов (67) – Ерланов (28)